Қалың қара қасты қыз желіде танымал болды
Даниядан келген жас изажист қалың қара қасын өсіріп желіде танымал болды. Бұл 18 жастағы Сара Мари Кларк.
Қыз достарының бұған қарсы болғанына қарамастан, 2019 жылдың наурыз айында қасын жұлудан бас тартты. Ол инстаграмдағы басқа визажистердің, модельдерге осындай қалың қас бояғанын көріп, осындай қадамға баруды жөн деп шешті.
«Сонымен, мен баяу өз қасымды өсіре бастадым, бірақ оған үйренуіме біраз уақыт кетті. Содан кейін мен Инстаграмдағы қыздардың көбейіп, өздеріне сенімді бола бастағанын көрдім », - деп атап өтті жасөспірім.
Кларк жаңа бейнесінде фотографтардың сұранысына ие болды және модельдік мансабын бастады. Ол сонымен бірге қазір ер адамдардың көбірек көңіл бөлетінін айтты, бірақ кейбіреулер оның келбетін сынға алады.
Сара кейде бейтаныс адамдар онымен суретке түсіріп, оған күлетінін түсіндірді. Ол фотосуреттерінің астындағы жағымсыз пікірлерді өшіріп отыратынын айтады.

"Күн сайын 20 000 теңге беруге уәде еткен": Қазақстандық азамат ИП-сын жалға беріп, енді түрмеге түсуден қорқып жүр
