AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Намаз оқыңдар": "ИК" тобының мүшесі Қазақстан футболшыларына үндеу жасады

"Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Алдияр Жапарханов футболдан Қазақстан құрамасының әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойынын сынға алды. Ол бірнеше жылға спорттық жарыстарға қатысудан бас тартып, елімізде спортты дамытуды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Финляндия құрамасынан 2:0 есебімен жеңілген қазақстандық футболшылардың кезекті ойыны Алдиярдың көңілін түсірді. Өнер иесінің айтуынша, біздің елдегі футбол әлемдік стандарттарға сай келмейді. Алдияр "біз ешқашан әлем чемпионатына, Еуропа біріншілігіне өте алмаймыз" деп қынжылды. 

"Біздің деңгей - Люксембург, Лихтенштейн, Сан-Марино, Андорра", — деп ашына ойын жеткізді әртіс Instagram-дағы парақшасында.

Алдияр отандық құрама Азия біріншілігіне қайта оралуы тиіс, деп санайды. Ондағы футболдың деңгейі Еуропадан әлдеқайда төмен екені белгілі.

"Үнемі бір нәрсе қайталана береді. Сендер үшін тағы не істеу керек? Біз енді кімге жанкүйер боламыз? Неге үнемі жеңіле бересіңдер? Мен енді Венгрия құрамасына жанкүйерлік етемін", - деді Алдияр.



Жапарханов бұл жағдайдан шығу үшін бірнеше жылға жарыстардан бас тартып, елімізде спортты дамытуды ұсынды. 

"Құрметті, футбол саласындағы шенеуніктер! Өз еркімізбен барлық іріктеу циклдарынан бас тартып, спорт мектептерін ашайық. Жастарды дамытайық. Алдағы бірнеше жылда қиналмайық. 

Біздің жастар құрамасы Түркиядан жеңілуде. Чемпиондар лигасында, Еуропа лигасында ешкім жоқ. Ешкімге керегі жоқ конференциялар лигасында ойнап жүр. Футбол үшін басқа не істеуге болады?" - деп ашынды Алдияр. 

Өнер иесі футболшыларға бұл жағдайдан шығудың жолын нұсқады. 

"Имамдарды, дін қызметкерлерін, бәрін шақырыңдар. Құранды, Інжілді оқысын. Қазақстан тарихын оқыңдар, қазақтың кім екенін, кімнің атынан шығып жүргендеріңді біліңдер. 

Үнемі осылай намысты аяққа таптап... Жалғыз Бахтиер Зайнутдинов ойнайды, Исламханнан бір есірткі тауыпты. Стадиондар соғыңыздар, инфрақұрылымды, жастарды дамытыңыздар. Намаз оқыңдар, пайдалы бір іс жасаңыздаршы, өтініш", - дейді Алдияр. 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр