Naiza 62 турнирінде үш бірдей титулдық айқас өтеді
Ақтау қаласында өтетін Naiza Fighting Championship 62 турнирінде үш бірдей чемпиондық жекпе-жек өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Naiza
Naiza тұжырымының Ақтау қаласында өтетін турнирде үш бірдей чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Кештің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы Олжас Абзалиев өзінің белбеуін бразилиялық Сантосқа қарсы қорғаса, 61 келінің чемпионы Дастан Амангелді Абу Нұрболатпен жұдырықтасады. Сондай-ақ аса жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеудің иегері Диас Еренғайыпов Болат Заманбековке қарсы жекпе-жекке шығады.
Айта кетейік, Naiza Fighting Championship 62 турнирі 6 шілде күні, Ақтау қаласында өтеді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”