Мұғалім үй тапсырмасын орындамаған оқушыны жазалаймын деп өлтіріп қойды
Таиланд елінде мектеп мұғалімі үй тапсырмасын орындамаған оқушыны өздігінше жазалады. Ол оқушыдан 100 рет отырып-тұруын талап еткен. Алайда бұл оқушыға ауыр тиді.

13 жастаға бала мұғалімнің бұйрығымен физикалық жаттығу жасауға мәжбүр болды. Сол күні кешкілік ол өзін нашар сезініп, ертесі көз жұмды. Оны жақындары өлі үйінде тапты. Дәрігерлер баланың жүрегі тоқтағанын айтты. Оған ауыр физикалық жаттығу себеп болуы мүмкін.
Баланың ағасының айтуынша, інісін бір күн бұрын ғана ауруханадан шығарған. Ол жаттығу жасауға дайын емес еді. Мұғалім мұны білсе де, жеңілдік жасамаған.
Мектеп басшылығы баланың туыстарымен хабарласып, кешірім сұрады.
Баланың жақындары бұл оқиғаның балаларды қатаң жазалайтын мұғалімдерге сабақ болғанын қалайды.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған