"Мысығының аспазы бар": Айнұр Тұрсынбаева құрбысы Айнұр Көпбасарованың отбасылық құпиясын айтып қойды
Танымал айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева өнердегі құрбысы Айнұр Көпбасарованың отбасылық өмірін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aidyn_nury/
Ақынның айтуынша, құрбысы еліміздегі ең сәнді киінетін қыз-келіншектердің көшін бастап тұрған көрінеді.
“Айнұр – Абай атындағы опера және балет театрының директоры. Бірақ әңгіме ол туралы емес, оның мысығы туралы. Естеріңізде ме, Ардақтың мысығы туралы айтқаным. Ал Айекеңнің Коко деген мысығы бар. "Ит иесіне тартады" деуші еді ғой. Айнұрдың мысығы өзі сияқты салмақты. "Коко", "Кокожан" деп еркелетіп жатсаң көзін әрең ашып, жақтырмай қарап тұрады”, – деп сипаттап берді айтыскер ақын.
-
"Айшолпанның айтысқаны ұнамайды": Жүрсін Ерман кейбір ақындарды "шоуменге" теңеді
-
"Арада келісім болды": Танымал блогер Төреғали Төреәліге ән арнағанын мойындады
Сонымен қатар театр директорының үйінде арнайы мысығына ас әзірлейтін аспаздың да барын айтты.
“Айнұр пәлен жыл Түркістанда жұмыс істеді ғой. Бір күні Айнұрдың Астанадағы үйіне барсам, бір апа жүр. “Күні бойы жалғыз өзі іші пыспай ма, өзің үйде емессің десем: “Коконың тамағын істейтін аспаз” деп қарап тұр. Коко шұжық, ет жемейді екен. Тіпті, жылытпаға қарамайды екен… "Ойбай, келесі жолы кетсең мені Коконың қасына тастап кетші" дедім. Біз жылытпаны жей береміз ғой. Қысқасы, қазіргі заманның мысықтары құтырған екен”, – деп жазды өнер иесі.
Еске салайық, айтыскер ақын сіңлісінің мысығы туралы айтып, елді күлдірген еді.