Министр: Төтенше жағдай кезінде Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейді
Азаматтардың оқшаулануына байланысты зорлық-зомбылық құрбандарының саны артты. Бұл туралы халықпен есептік кездесуде ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғымбаев азаматтардың оқшаулану жағдайында болуына байланысты, зорлық-зомбылық құрбандарының саны артты дейді. Министрдің сөзінше зардап шеккендер дағдарыс орталықтарының «сенім телефондарына» жүгінуі жиілеген.
Дегенмен, зардап шеккен 10 адамның екеуі ғана полицияға жүгінуге келіседі деп отыр Тұрғымбаев.
"Отбасылық жағдайларға байланысты олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 37 мыңға жуық қорғаныс бұйрықтары шығарылды, құқық бұзушылардың мінез-құлқына 4,8 мың арнайы талаптар қойылды", - деді басқарма басшысы.
Осылайша карантин кезінде отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың саны 25% -ға артты.
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"
"Дәрігердің өзі қатерлі ісікпен 8 жыл жүрген": Маммолог сүт безі обырының алғашқы белгілері мен ерекше оқиғаларды айтып берді
Сүт безіндегі ауырмайтын түйін де қауіпті болуы мүмкін