"Мынаны қалай киюге болады?": Жетісу облысында тұрғын әкімдік берген мектеп формасына шағымданды (видео)
Жетісу облысы Кербұлақ ауданының тұрғыны әкімдіктің қызына үлкендерге арналған мектеп формасын бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдің сөзінше, әлеуметтік көмек алу туралы өтінішке қызының өлшемін дұрыс жазған. Алайда үлкен форма берілген.
"Мынаны мектепке қалай киюге болады? Бұл – 38 мың теңгеге берілген киім. Неге ақшаны қолға бермейді? Бала қалай мектепке барады?" – дейді әйел.
Ал Жетісу облыстың білім басқармасының басшысы Айжан Адамбекова бұл оқиғаға қатысты пікір білдіруге әлі ерте екенін мәлімдеді.
"Қазір пікір білдіре алмаймын. Алдымен бұл біздің берген киімдер екенін анықтау керек", – деді ол.
Еске салайық, осыған ұқсас жағдай туралы Атырау тұрғыны мәлімдеген еді. Тұрғын 1-сыныпқа баратын ұлына ересектерге арналған киімнің берілгенін айтқан.
"Трендті ұстап тұрған әже": Желіде немересімен видео түсірген 86 жастағы кейуана қазақстандықтарды сүйсіндірді
Немересі: "Әжем өзінің танымал екенін әлі білмейді"
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген