AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"1-сынып оқитын бала осындай жейде кие ме?": Атыраулық мектеп көпбалалы отбасыға көмек ретінде ересектердің киімін берген (видео)

Әлеуметтік желіде Атырау тұрғынының баласына көмек ретінде ересектердің киімі берілгені түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Видео авторының айтуынша, 1-сыныпқа баратын ұлына өлшемі үлкен киім бұйырған.

“1-сыныпқа деп берген жейделері. 1-сынып оқитын бала осындай жейде кие ме? 10-сынып оқушысына бергендей. Онымен қоймай өткен жылдан қалып қойған деп берген еді”, – деп қапаланады ата-ана.  

Атырау облыстық білім басқармасы осы жағдайға қатысты түсініктеме берді. Айтуларынша, ата-аналар ұлдарына былтырдан қалған костюмдерді алған. Өздерінің қысқартып алатынын айтып, мектепке қолхат жазып қалдырған көрінеді. 

“Атырау қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін №21 Жамбыл атындағы орта мектебінің басшылығынан ата-ана Нұрмолдина Венера биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында, 2-тамыз күні "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы бойынша әлеуметтік көмек алу негізінде мектеп жасындағы 2 ұлына мектеп формасы киімдерін беруін сұраған. 

Мектептің әлеуметтік педагогы Айдана Кенжетайқызы тиісті өлшемдегі киімдердің болмауына байланысты, әлеуметтік көмектің қаржылай көрсетілуін күтуді сұраған. Алайда, ата-ана Венера Нұрмолдина мектеп формаларын өлшемі сай келмесе де өз еркімен алып, қысқартып алатынын айтып, қолхат жазған”, – дейді басқармадан. 

Білім басқармасы №21 Жамбыл атындағы орта мектебінің директоры Естай Абайұлынан түсініктеме алған. 

Естеріңізге сала кетейік, биыл "Мектепке жол" акциясы бойынша көп балалы, аз қамтылған атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына қаржылай түрде көрсетілетін болады. Акция 2022 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр