Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік көмек цифрлық теңге түрінде берілмек

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін цифрлық теңгені пайдалану бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, жаңа технологияны мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету кезінде сынап көру жоспарланған.
Бастапқы кезеңде цифрлық теңге мұқтаж азаматтарды ортопедиялық аяқ киіммен қамтамасыз ету кезінде қолданылмақ. Цифрлық валютаны әлеуметтік салада енгізудің негізгі мақсаты — көмекті тікелей, атаулы қаржыландыру жүйесіне көшіру.
"Қаражат нақты алушыға бекітіледі. Оны тек мақсатты түрде – тек оңалтуға арналған белгілі бір тауарлар мен қызметтерге ғана жұмсауға болады. Қаражатты басқа нәрсеге жұмсау техникалық тұрғыдан мүмкін болмайды", – делінген министрдің жауабында.
ОқыңызМұндай тәсіл бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуын толықтай болдырмауға және атаулы әлеуметтік көмектің әрбір мұқтаж азаматқа жетуін қамтамасыз етеді деп жоспарланған. Егер жоба тиімділігін дәлелдесе, бұл тәжірибе мемлекеттік қолдаудың басқа түрлеріне де кеңінен енгізіледі.
Министрлік жоспарларына сәйкес, жаңа төлем жүйесін сынақтан өткізу 2026 жылдың соңына дейін аяқталады. Пилоттық жобаның түпкілікті нәтижелері және оны бүкіл ел бойынша кеңейту туралы шешім 2027 жылдың бірінші тоқсанында қабылданады.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда цифрлық теңге ұлттық валютаның үшінші түрі ретінде ресми түрде танылғаны туралы жазған едік.
"Трендті ұстап тұрған әже": Желіде немересімен видео түсірген 86 жастағы кейуана қазақстандықтарды сүйсіндірді