Тұзды тағамды жиі жейтіндерге ескерту: Дәрігер асқазан обыры қаупін атады

Анам университеттік ауруханасының асқазан-ішек хирургиясы бөлімінің профессоры Пак Сон Су “РИА Новостиге” берген сұхбатында асқазан обырына шалдығу қаупін арттыратын негізгі факторларды атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Маманның айтуынша, олардың қатарында Helicobacter pylori инфекциясы, алкогольді шамадан тыс тұтыну, тұзды тағамдарды көп жеу және темекі шегу бар.
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Helicobacter pylori бактериясының болуы асқазан обырының даму қаупін шамамен екі есеге арттырады. Алкогольді шамадан тыс пайдалану бұл қауіпті 1,5–2,2 есе көбейтеді. Ал тұзы көп тағамдар мен маринадталған өнімдерді жиі тұтыну қатерді 1,4–2 есе, темекі шегу 1,3–1,8 есе арттыруы мүмкін.
Сонымен қатар сарапшы тазартылған дәнді дақылдардан жасалған өнімдерді, қызыл және өңделген етті, сондай-ақ майлылығы жоғары сүт өнімдерін жиі тұтыну да асқазан обырының даму қаупін арттыруы ықтимал екенін айтты.
Бұған дейін Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің ғалымдары жүрек құрылымы мен қызметіндегі шағын өзгерістер кейбір қатерлі ісік түрлерінің даму қаупін ауру анықталғанға дейін бірнеше жыл бұрын көрсетуі мүмкін екенін мәлімдеген еді.
"Трендті ұстап тұрған әже": Желіде немересімен видео түсірген 86 жастағы кейуана қазақстандықтарды сүйсіндірді
Оқыңыз