Сүт өнімдерінен бас тарту қатерлі ісік қаупін арттырады – Ғалымдар
Сүт өнімдерін азайту тоқ ішек қатерлі ісігінің қаупін арттыруы мүмкін. Себебі сүт жетіспеушілігі кальцийді азайтады, ал кальций аурудың алдын алу үшін маңызды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DailyMail басылысына сілтеме жасап хабарлайды.
Жалпы тәжірибе дәрігерлері қатерлі ісікке қатысты тұжырымдарын бөлісті.
Сарапшылардың пікірінше, күніне қосымша 300 миллиграмм кальций – шамамен бір стақан сүт тоқ ішек қатерлі ісігінің қаупін азайтады.
Ғалымдар 542 000 адамның диетасын талдады. Нәтижесінде сүт пен йогурт сияқты кальцийге бай тағамдар мен сусындар асқазан-ішек қатерлі ісігінің қаупін азайтатынын көрсетті. Зерттеу тобы сонымен қатар ірімшік пен балмұздақты көп мөлшерде тұтыну ұқсас әсер бермейтінін анықтады.
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген
"Домбыра – харам, Наурызды тойлауға болмайды": Қоғамды дүрліктірген діни уағыздар және оған ҚМДБ не дейді
ҚМДБ өкілдері дінді насихаттауда шектен шықпауға шақырды
