Qazsport арнасының эфирінде ресейлік әскери дрон құрастыратын зауытқа жұмысқа шақыратын жарнама көрсетілген
Qazsport телеарнасының сайтында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты аясындағы матчтың тікелей көрсетілімі кезінде Ресейдің "Алабуга" арнайы экономикалық аймағының жарнамасы көрсетілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жарнама видеосында көрермендерге Татарстандағы дрон (ұшқышсыз ұшу аппараттарын) құрастыру зауытынан жұмыс ұсынылады. Желі қолданушылары бұл жарнамаға назар аударып, қызу талқыға түсті.

"Google-ға шағым жіберіңіздер. TikTok-та олардың зауытын жарнамалаған барлық аккаунттарды жаппай бұғаттап тастады. Ол жерде үш нүкте бар – соны бассаңыз, Google оларды іздеу нәтижелерінен алып тастайды. Олар санкцияға іліккеніне қарамастан, қалай да Google-ға өтіп кетіп жатыр", – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Qazsport телеарнасы бұл жарнаманы тікелей өздері жарияламағандарын мәлімдеді. Телернаның мәліметінше, жарнама автоматтандырылған жарнама жүйесі арқылы пайда болған. Мұндай жүйелер кей жағдайларда сүзгіден өтпей қалған жарнамаларды да эфирге шығарып жіберуі мүмкін.
Телеарна тексеріс жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданып, аталған жарнама өшірілгені хабарлады.
"Осындай жағдайлардың алдағы уақытта қайталанбауы үшін сайттағы тікелей трансляциялар алдында көрсетілетін контекстік pre-roll жарнамасы уақытша өшірілді", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін желіде қазақстандық қыздарды соғысқа қажет дрон шығаратын зауытқа арбайтын жарнама пайда болғаны туралы жазған едік.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген