Қазақстанда оң жақ рөлді көліктерге ауқымды рейд басталды

Қазақстанда жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін бақылауды күшейту мақсатында "Қауіпсіз жол" республикалық акциясы басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Рейдтер 2026 жылдың 15 маусымынан 30 маусымына дейін жалғасады.
Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің мәліметінше, рейс барысында оң рөлді көліктерге (Toyota Alphard, Estima және т.б.) ерекше көңіл бөлінеді.
Жүргізушілердің жұмыс және демалыс режимін сақтауы да тексеріледі.
“Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті тасымалдаушыларды заңды қатаң сақтауға, көліктерінің техникалық жағдайын қадағалауға, жолаушылар қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуге шақырады”, – делінген хабарламада.
ОқыңызСондай-ақ комитет жүргізушілерді жолаушыларды, жүктерді және таксиді тасымалдау ережелерін, сондай-ақ жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда оң жақ рөлді көліктерді қолдануға толығымен тыйым салу ұсынылған еді.
"Трендті ұстап тұрған әже": Желіде немересімен видео түсірген 86 жастағы кейуана қазақстандықтарды сүйсіндірді
Немересі: "Әжем өзінің танымал екенін әлі білмейді"
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген