Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұмысшы егістікті химикаттармен дәрілеу кезінде көз жұмды

Егістікте жүрген жұмысшы
Фото: depositphotos.com

Солтүстік Қазақстан облысында егістіктерді дәрілеу кезінде 46 жастағы жұмысшы көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қайғылы оқиға Тимирязев ауданындағы Ленин ауылдық округінде болған. Ғабит Мүсірепов ауданының тұрғыны ауданның бір ЖШС-інде жалданып жұмыс істеген. Егістіктерді гербицидтермен өңдеу барысында оның жағдайы күрт нашарлап, ер адам есінен танып қалған.

Әріптестері жедел жәрдем шақырып, уақыт жоғалтпау үшін зардап шеккен адамды дәрігерлерге қарай жолға алып шыққан. Алайда келген жедел жәрдем бригадасы санитарлық-медициналық көмек жеткенге дейін ер адамның қайтыс болғанын тіркеумен ғана шектелген. Алдын ала мәлімет бойынша, өлім себебі – нақты түрі анықталмаған пестицидтердің уытты әсері деп көрсетілген.

СҚО полиция департаменті жұмысшының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

“Қазіргі қажетті кешені тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу органдары істің барлық мән-жайын анықтап, жан-жақты зерттеп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады”, – делінген полиция хабарламасында. 

Оқиғаның мән-жайын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті анықтап жатыр. Мамандар кәсіпорында қауіпті химиялық заттармен жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын және қызметкерлердің қажетті жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуін анықтауы тиіс.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 16 Маусым, 2026 21:53