Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мыналардың қасында шегірткенің өзі айналайын ғой": Дәулет Төлеутайұлы "Ирина Қайратовнаның" тобы жайлы

Белгілі блогер Дәулет Төлутайұлы сахнада балағат сөз айтқан “Ирина Қайратовна” тобына қатысты пікірін ортаға салды. Журналист министрлікке сауал тастап, сахна мәдениетін сақтамағандарды жауапқа тартуды сұрады. 

“Сахнадан сәт кеткен заман! Көк туды қорлап, сахнаға ішіп, шегіп, шешініп шығатын шегірткелер көбеюде. Шегіртке десе ренжиді... Шегірткенің өзі айналайын, мыналардың қасында. Мен “Ирина Кайратовна” тобын сыйлайтынмын, өнерін бағалайтынмын. Елге (жастарға) тың идеялар әкеліп, ой саларлық салмақты туындылар әкеліп жүрген еді. Бірақ, мынадан кейін... қайдам?! Құр сөзбен кешірім жарамайды. Сахна киелі орын, оның киесі бар!!! Сахна ішкіштер мен шеккіштердің орны емес. Мына оқиғалардан кейін біздің мәдениет және спорт министрлігі қайда қарап отыр? Бұндай "әншілерге" тиісті жаза қолдану керек, Дәурен Абаев мырза! Үнсіз қалмаңыз!”, – деп жазды ол. 

Дәулет Төлеутайұлы Өзбекстанда артық әрекеті үшін жазаланған өзбек әншісінің оқиғасын мысал етті. 



“Кезінде 1992 жылы Өзбекстан әншісі Юлдуз Усманова санын көрсеткені үшін бүкіл ел аумағындағы сахнадан қуылған еді. Тіпті 4-5 жыл шетелде тұрып келсе де, аэропорттан өз еліне кіргізбей, бірден келген жағынан депорт жасатып отырған. Кейін Юлдуз кешірім сұрап, өмірлік сабақ алған еді. Бұл оқиға жалғыз Юлдузға емес, өзге өзбек әншілеріне де үлкен сабақ болған еді. Ал біздің елде не? Әркім өз білгенін істеп жүр! Фонограммамен алысатын едік... Мына жайттардан кейін фонограмма деген айналайын болып қалды. Бұдан ба басқа бейәдеп сөздері бар видеоларды салмадым. Олардың ауыздарынан шыққан сөзге мен ұялудамын!”, – деп жазды блогер.

“Осылардың концертіне барып жүргендер де ақымақ”, “Шынымды айтсам, негатив жазбайтын адаммын. Басты ауыртпайын деп, өтіп кететін едім. Бірақ қандай ғасыр, қандай дамыған заман болмасын, киелі сахнаны шайтанның сусынымен улап, қорлағаны тәрбиелікке жатпайды деп ойлаймын. Сүрінбейтін жақ болмайды. Десе де миым дұрыс жағынан қабылдай алмайды екен”, “Сахна киелі болып қала берсе екен! Батыстың цивилизациясын аламыз деп, канализациясына кіріп кетпесек болғаны”, “Бұндайды сахнаның іші түгілі сыртына да жолатпау керек”, – деп жазды желідегі оқырмандары. 

Бұдан бұрын "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі мен көпшілік Shiza деп танитын Асхат Жолшиевтің Алматыдағы концерт кезінде Қазақстанның туын алып шығып, бейәдеп қылық көрсеткенін жазған болатынбыз. 

Ерлан Қарин Алматыдағы "Ирина Кайратовна" мен Shiza-ның концертіне қатысты пікір білдіріп, жауапқа тартылатынын айтты

Талқылау