Миллиардерлермен бірге батып кеткен батискафта беймәлім дыбыстардың жазылып қалғаны белгілі болды
"The Titan Sub Disaster: Minute by Minute" деректі фильмін жасаушылар суға батқан Titan батискафынан шыққан дыбыстардың аудиосын шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Канада әуе күштерінің ұшағы ырғақты дауысты жазып алған. Бұл туралы хабарлар апаттан кейінгі екінші күні пайда болды, бірақ дыбыстың өзі бірінші күні жазылған.
Titan батискафы 2023 жылы 18 маусымда Титаник апатына экспедиция кезінде жоғалып кетті. Сүңгуір қайықтың бортында британдық миллиардер және Action Group негізін қалаушы Хамиш Хардинг, Пәкістандағы ең бай адамдардың бірі Шахзада Дауд және оның ұлы және теңізші Пол-Анри Наржоле болды.
Кейінірек АҚШ жағалау күзеті мұхит түбінен Titan-ның сынықтарын тапты. Апатқа ішкі жарылыс себеп болған деген болжам бар.
"The Titan Sub Disaster: Minute by Minute" деректі фильмінің премьерасы наурыз айында жарық көрді.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген