Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаев жұлдыздар арасында “жекпе-жек” ұйымдастырып жатыр

Мейрамбек Бесбаев алдағы уақытта музыкалық арналардың бірін басқарып қалса, бірінші кезекте жартылай жалаңаш жүретін әншілерге “тұсау салатынын” айтқан болатын. Енді, міне, әншіге өзіндік жобасын құрыстырып, өзі қалаған ережелерді енгізу мүмкіндігі туып отыр.

21224488_320363201708210_76385344819298304_n

Сурет: Мейрамбек Беспаевтың жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші осы уақытқа дейін Zhuldyz.tv арнасына берген сұхбатында “Мен сияқты адамдарға тізгінді бермейді. Ертең мені “Өзі музыкашы бола тұра өнерді түсінбейді. Ұлтшыл! деп айыптаулары мүмкін. Мен рокты да, шетелдің музыкаларын да тыңдай аламын. Бірақ, мынандай масқараларды тыңдай алмаймын. Маған, расымен, музыкалық бағдарламаларды басқартқызбайды. Басқарған жағдайда бірінші жалаңаштарды құртамын. Әдепсіз, тәртіпсіздерден бастаймын”,  – деп музыкалық арнаны басқаруға деген құлшылығының бар екенін танытқан болатын. Бір арнаны басқармаса да, Мейрамбек Бесбаевқа әншілер жанды дауыста бәйгеге түсетін байқау ұйымдастыру мүмкіндігі туып отыр.

Аталған байқауға алғашқылардың бірі болып Қайрат Нұртас қатысқан екен. Осы орайда, Гүлзира Айдарбекова байқаудың ел арасындағы алып-қашпа сөздерге нүкте қоятынына сенімді екенін жеткізді.

“Мейрамбектің ұйымдастырған бұл жанды дауыстағы Хабар арнасында болатын “Жекпе-жек” бағдарламасы біраз сыпсың өсектердің нүктесін қоятыны анық. Бір-бірімізді барымызда бағалайық достар!” – дейді продюсер.


Жіберіп алмаңыз:

“Жетер енді”: Роза Әлқожа әншіні көрсе қуанып, сыртынан жамандайтындарға назын айтты

“Ninety one” тобы: Хейтерлерден қорғану үшін шынайы өмірде қару қолданғанымыз рас (видео)

Жанды дауыста ән айта алмаған Төреғали мен Ерке елдің көңілін қалдырды (видео)

Мәдина Ералиеваның әнін тамылжыта шырқаған Абай мен Асхат жұртты таңдай қақтырды (видео)

Талқылау