AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мейіржан Төребаев қаржы пирамидасынан тұрақты түрде ақша алып отырған": Прокурор вайнерлерді тергеу ісінің егжей-тегжейін айтып берді

Өткен дүйсенбіде елордада төтенше жағдай орын алды. Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында  Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Бағила Досмаилова өзін-өзі өртемек болды. Осылайша, әйел Mudarabah Capital қаржы пирамидасының басшыларына қатысты қылмыстық істі әділ тергеуге назар аудартқысы келген. Бұған дейін ол Бас прокуратура ғимаратына пикет қойып, өзінің салымшыларына 2 миллиард теңге қайтармаған компанияның тең құрылтайшысы саналатын танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты тұтқындауды талап еткен болатын. Осыған байланысты Алматы қаласы прокурорының орынбасары Нұрлан Ауғанбаев пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Время" газетіне сілтеме жасап. 

“Иә, шынында да тергеу ұзаққа созылып кетті. Осыған байланысты қалалық прокуратура бірнеше рет полиция департаментіне жұмысты жеделдетуді ұсынған. Бірақ объективті себептер де бар болды. Экономикалық қылмыстар үшін әрдайым көптеген сараптамалар жүргізу керек. Бұл жағдайда тек 250-ден астам адам зардап шеккен. Яғни компанияның олардың әрқайсысымен байланысын тексеру керек болды”, – дейді Нұрлан Ауғанбаев. 

Оның айтуынша, кәсіпорынның жалпы айналымы 6 миллиард теңгеден асқан. Ал шығын көлемі 2 миллиардтан асып жығылады.

“Бұл ретте 14 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Олардың алтауы - тергеу изоляторында, екеуі - үй қамағында, үшеуі - кепілмен босатылған, біреуі - ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр, тағы екеуі – іздеуде. Үш вайнер ресми түрде күдікті деп танылды. Олар: Төребаев, Шерниязов, Саидбаев”, – дейді прокурор. 

Ауғанбаев соңғысының өз келешегінің қандай болатынын біліп, Қазақстаннан қашып, жауапкершіліктен жалтару жолын таңдағанын айтады. 

"Қылмыстық іспен таныстым, тек өз пікірімді айта аламын. Біріншіден, вайнерлер өзінің танымалдылығын пайдаланып, жаңа клиенттерді жастар арасынан тартқан. Мейіржан мен Мейірханның қаржы пирамидасын белсенді түрде жарнамалағаны да анық. Осыған қоса екеуі де компанияның құрылтайшысы, яғни олар кәсіпорын айналымындағы ақшаның ұлғаюына мүдделі болды", — дейді Нұрлан Ауғанбаев.

Оның айтуынша, қазір адвокаттар "Мейіржан Төребаев компанияның құрылуына қатыспады, оның иесі емесдегенді алға тартып жатыр.

“Тергеу оның құрылтайшылар қатарына кірмей тұрып та, компаниядан тұрақты түрде төлемдер алып тұрғанын анықтады. Бұл табыс жасырын болған, ресми есепте көрсетілмеген. Яғни бұл ақшаға салық салынбаған, олар қара бухгалтериямен өткен”, – дейді прокурордың орынбасары.

Нұрлан Ауғанбаевтың айтуынша, Instagram жұлдыздары компанияның ислам инвестициясымен емес, жай ғана ақша тартумен айналысқанын білмеуі мүмкін емес.

“Пирамиданы ұйымдастырушылар әлеуметтік желі арқылы жастарды ғана емес, дінге жақын адамдарды да тартуға ниетті болған. Өйткені компания бұл инвестицияның барлығы халал екенін айтып, "дінде адамды алдауға болмайды" деп насихаттаған”— деді Нұрлан Ауғанбаев.

Сондай-ақ прокурор Төребаев пен Шерниясовтың не себепті кепілмен босатылғаны туралы сұраққа жауап берді. 

“Тергеу күдіктілердің әрқайсысының рөлін анықтады. Бұл жағдайда Төребаев пен Шерниязовтың заңсыз өндірілген қаражатты бөлуге қатысы жоқ екендігі белгілі болды. Олар басынан бастап бұның діннің атын жамылған қарапайым пирамида екенін түсінді. Ол жерде ешқандай тендерлер мен мұсылмандық қорлар болған жоқ. Жалпы, компанияның салымшыларға уәде еткендей, пайыздары болмайтынын кез-келген ақылды адам түсінеді. Сондықтан Төребаев пен Шерниязов бұның бәрін білді. Бірақ сонымен бірге қылмыстық әрекеттен түскен пайданы олар емес, басқа адамдар бөліп алған”, – дейді ол. 

Осыған байланысты қылмыстық қудалау органы вайнерлер үшін қамауда ұстау түріндегі санкцияны қолданбау туралы шешім қабылдаған. 

“Оған прокуратура келісті. Мен қоғамда Төребаевтың “үстінен қылмыстық іс қозғалса да неге шаңғы теуіп жүргені, Дубайға барғаны, ал оның серіктестерінің түрмеде отырғаны” жайында сөздер айтылып жүргенін білемін? Бірақ, оның компанияның қылмыстық іс-әрекетіндегі рөлінен басқа, басқа да факторлар бар. Мысалға, бес баласының болуы, тұрғылықты жерінің болуы, ол жауап алу мен тергеу әрекеттерінен қашпады”, – дейді Ауғанбаев. 

Прокурор бұл жағдайда алдын-алу шарасы дұрыс таңдалғанын, егер адам кепілде болса, тергеу басқаларынан қарағанда оларға жеңіл болады дегенді білдірмейтінін жеткізді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр