Месси мансабындағы 800-голын соқты
Аргентина құрамасы және "ПСЖ" командасының шабуылшысы Лионель Месси өз мансабындағы 800-голын соқты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Месси клубтар сапында 701, ұлттық құрамада 99 рет гол авторы атанған.
Аргентина мен Панама құрамалары арасындағы өзара жолдастық кездесу 24 наурызда өткен. Матч қорытындысы бойынша алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті. 89-минутта Лионель Месси матч нүктесін қойған.
Месси Аргентина құрамасына 2005 жылдан бері ойнап келеді. 18 жылдан бері ол үздік сұрмерген ретінде көзге түсіп, 2022 жылы Катарда өткен әлем біріншілігінде жеңімпаз атанды. Сондай-ақ ол сол біріншіліктің үздік ойыншысы болды.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”