Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мені мойындату үшін қамауға алуы мүмкін": 10 тәулікке қамалған Мейіржан Төребаев түрмеден хат жазды

Бұған дейін 10 тәулікке қамауға алынған қазақстандық вайнер Мейіржан Төребаев өзін "ұрып-соғып" куәлік алу үшін қамауға алынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

торебаев 2022

"Мен, Мейіржан Төребаев, өзімнің қаржылық пирамидаға қатысым жоқ екенін айтқым келеді. Барлығы (қамауда отырғандар) менің 10 тәулікке қамалғаныма таң қалуда. Бұл дәлелдің жоқтығынан. Бұрыннан отырғандар мені мұнда әдейі мойындату үшін қамауға алғанын айтады. Бұлай болмайды деп үміттенемін, нәтижесін 10 күннен кейін көреміз", - деп жазған Мейіржан, уақытша ұстау изоляторынан адвокаты Ерлан Мәкенов арқылы берген хатында.

Адвокаттың айтуынша, вайнердің өзі жазбаны жариялауды өтінген.

"Төребаев Мейіржан жазықсыз! Бүгін Алматыда зардап шеккендердің баспасөз мәслихатында жәбірленушілер, соның ішінде жәбірленуші Досмаилова Бағила да осылай дейді. Жәбірленушілердің сөзінше, вайнерді қаржылық пирамида құрды деп айыптау полиция департаменті қызметкерлерінің идеясы", - деп түсіндірді Мәкенов.

Сондай-ақ ол бұлтартпау шарасын 10 тәулікке қамауға алу шешіміне өзгерту өте таңқаларлық және сирек кездесетін сот шешімі екенін, сондай-ақ Мейіржанның бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз болмағанын атап өтті.

"10 тәулікке қамауға алуды тағайындау іс жүзінде орган қамауға алу үшін жеткіліксіз дәлелдемелерді ұсынып, сол арқылы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына қосымша дәлелдемелер алуға уақыт бергенде ғана қолданылады. Өз атымнан қосып өтерім, Мейіржан шынымен әзілге жақын жігіт, ол көңіл-күйін түсірмей, әділдік орнайтынына сенеді және үміттенеді", - деп түйіндеді заңгер.



Еске салайық, 10 ақпанда белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев қаржылық пирамидаға қатысты іс бойынша айыпталушы ретінде танылғаны белгілі болды. Тергеу мәліметтері бойынша, олар Mudarabah Capital қаржылық пирамидасын жарнамалап қана қоймай, оның ортақ иелері ретінде үнемі табыс алып отырған. 11 ақпанда Саидбаевқа Алматы полициясы іздеу жариялағаны белгілі болды. 

Сәуірдің 11 күні Нұр-Сұлтанда Алматы тұрғыны Бағила Досмаилова осы іс бойынша тергеудің жүріп жатқанына наразы болып, өзін-өзі өртеп жіберді. Абырой болғанда әйел аман қалды. Ол өз-өзіне қол жұмсамай тұрып жазған хатында өзінің өліміне Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың кінәлі екенін айтқан. Бұл оқиғаға қатысты өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

20 сәуірге қараған түні Төребаев пен Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынды. Тұтқынға алынғаны туралы ақпарат тарамас бұрын Төребаев видео хабарлама жасап, онда ол өзінің құрбан болғанын және қаржы пирамидасының қызметінен пайда таппағанын айтқан. Алайда 13 сәуірде Алматы прокурорының орынбасары Нұрлан Ауғанбаев "Төребаев құрылтайшы болмай тұрып-ақ компаниядан тұрақты төлемдер алып отырған" деген мәлімдеме жасады.

Сонымен бірге, дәл сол бейне үндеуде Төребаев қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі полицияға Mudaraba Capital қаржы пирамидасы туралы 2020 жылы ескерткенін қосып өткен.

Талқылау