AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық үш танымал вайнер қаржы пирамидасын құрып, басшылық етті деген күдікке ілінді

Әлеуметтік желіде белгілі актер әрі вайнер Мейіржан Төребаев, актер Мейірхан Шерниязов және Азимжан Саидбаевтың қаржы пирамидасын құрғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Тергеу мәліметтері бойынша Төребаев, Саидбаев пен Шерниязов mudarabah capital қаржы пирамидасын жарнамалап қана қоймай, сонымен қатар компанияның тең иелері ретінде тұрақты түрде табыс тапқан. Бұған дейін бұл іс бойынша компанияның бас директоры Руслан Бұрханов қамауға алынды. Ең қызығы, Төребаев, Саидбаев пен Шерниязов кепіл беріп шыққан", - деп жазды журналист Михаил Козачков Telegram арнасында.

Алматы қалалық соты Төребаев, Шерниязов және Саидбаевтың істі болғанын растады. 

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі үш азаматтың Қылмыстық кодекстің 217-бабы ("қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету") 3-бөлігі 2-тармағы бойынша күдікті деп танылғанын хабарлады.

"Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының Төребаев пен Шерниязовқа қатысты 1000 АЕК (3 063 000 теңге) мөлшерінде кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаты қанағаттандырылды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Ал Саидбаевқа қатысты 2 айға сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш түсті, бұл өтініш те қанағаттандырылды.

Айта кетері, 2021 жылдың қазанында Mudarabah Capital компаниясының иесі Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында аталған ЖШС жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қажетті қаржы тарту мақсатында бірлескен қызмет туралы шарттар жасасқаны анықталды. Олар бұл істі 2019 жылдың ақпанынан бастап 2021 жылдың қаңтарына дейін жүзеге асырған.

Екі жақты құжатқа сәйкес, фирма ай сайын әр салымшыға салым сомасының 20%-ін төлеуі керек болған. Сонымен қатар "ASTEX.KZ" ЖШС-ға 160 салымшыдан екі миллиард теңгеден астам қаражат "Mudarabah Capital "ЖШС-нің басқа компаниясы арқылы түскені анықталды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр