Мемлекеттік кәсіпорын 1 теңгеге сатылымға шығарылған
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласындағы абаттандырумен шұғылданатын кәсіпорындарды1 теңгеге бағалады. Құрылтайшысы Мамлютка ауданының әкімдігі болып табылатын "Мамлютское 1" ЖШС аукцион арқылы сатылмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Петропавлск.news сайтына сілтеме жасап.
Сурет: Петропавлск.news сайтынан
Мұндай аукциондарда, әдетте, жабық мектептер, суқұбырлары, су мұнаралары, клубтар мен зауыттар сатылады. Мысалы, "Мұнаймаш" зауытының 30% акциясы бар-жоғы 455 млн теңгеге сатылған.
4 қарашада "Мамлютское 1" ЖШС сатылатын аукцион өтеді. Кәсіпорын қарызына байланысты меншігіндегі ғимарат, автокөліктер, тұрмыстық техника 1 теңгеге бағаланды.
Аукионның бастапқы бағасы 100 теңге болмақ. Аукцион сайты арқылы кәсіпорынның кәсіби бағалауын көруге болады. Айта кету керек, кәсіпорынның бюджетіне өткен жылы 6 миллион бөлінген.
Adata.kz сайтының мәліметінше мемлекеттік сатып алуға қатысу арқылы кәсіпорын 32 млн теңгеге тең 31 келесімшарт жасасқан.
“Asia Consulting” ЖШС жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, “Мамлютское 1” ЖШС-нің қарызы кәсіпорынның нарықтағы құнынан көп. Барлық мүлкі мен қаржысының нарықтағы бағасы 11,8 млн теңге, ал дебиторлық қарызы 10,4 млн теңге, қысқамерзімдік несие қарызы 29,3 млн теңгеге тең”, – деп мәлімдеді әкімдіктегілер.
Сонымен қатар “Мемлекеттік мүлік туралы заңның” 97 бабы 4 бөлімінде “Егер осы Заңда және сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, сатып алушы мүліктік кешен ретінде жекешелендірілген кәсіпорынның азаматтық құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мұрагері болады” деп көрсетілген.
“Бағалау нысаны талап ету құқығы болғандықтан, нарықтық бағасының төмен болуы кәсіпорынның құрылтайшы алдындағы міндеттемелерін өтей алмайтынын көрсетеді.
ЖШС-нің құрылтайшысы кәсіпорынның қарыздары үшін жауапты емес. Осылайша таза активтерді санау әдісі бойынша бағаланған кәсіпорын құны нөлге теңеседі. Осы себепті нысанның нарықтық бағасы 1 теңге деп бағаланған”, – деді аудан әкімідігіндегілер.