Меккеде қажылыққа барған 1000-нан астам адам қаза тапты
Меккеге қажылық кезінде аптап ыстықтан мыңнан астам адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Agence France-Presse басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: sovetskaya-adygeya.ru
Қаза тапқандардың көпшілігі Мысыр азаматтары. Араб елшісі соңғы есептеулер бойынша, тағы 58 мысырлық қажы қаза тауып, Мысыр азаматтарының саны 658-ге жеткенін айтты. Үндістаның 68, Иорданияның 60, Пәкістанның 35 және Тунистің 35 азаматы да көз жұмды.
Сауд Арабиясында қаза тапқан ресейлік қажылардың саны беске жетті.
Еске салайық, бір күн бұрын 600 қажы қайтыс болған еді. Көп жағдайда адамдар қатты ыстықтан қаза тауып жатыр. Меккедегі ауа температурасы шамамен 52 градус.
Айта кетейік, бұған дейін Меккеде қажылыққа барған 500-ден астам адам мерт болғаны туралы жазған едік.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"