Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Медбикелер шетінеді деген сәби денесін өртейтін кезде тіріліп кетті

Медбикелер ата-анасына жаңа туған сәбилерінің шетінеп кеткенін айтқан. Алайда шақалақ денесін өртейтін кезде тіріліп кеткен.

0еп

Раджастханда шақалақ мерзімінен бұрын, 24-аптада дүниеге келген. Оның туған кездегі салмағы – 350 грамм. Медбикелер ата-анасына оның шетінеп кеткенін айтып, бірден денесін өртеп жіберуге кеңес берген.

India Times басылымының хабарлауынша, баланың денсаулығына қатысты шешімді қарапайым медбикелер шығарған. Ал дәрігерлер мен педиатр мамандар бұл оқиғадан хабарсыз болған. Сәбидің туысқандары оның денесін өртейтін кезде, жүрегінің соғып, өзінің тыныс алып жатқанын байқап қалған екен. Осыдан кейін шақалақ бірден ауруханаға жеткізілген.

0амв

«Таңғы сағат 6:00 шамасында дүниеге келді. Олар сәбидің жансызданып қалғанын айтқан болатын. Медбикелердің бір ауыз сөздеріне сеніп, перзентімізді өртеп жібере жаздадық. Бірақ дәрігерлер де оның бәрібір тірі қалмайтынын айтқан болатын. Шақалақтың денсаулығының ары қарай қалай болатынын уақыт өте келе анықтайтын боламыз», – дейді шақалақтың әкесі.


Жіберіп алмаңыз:

Үнді бизнесмені тойына 18 мың жесір әйелді шақырды

Түркияға бет алған ұшақ бортында сәби дүниеге келді (фото)

Мәскеуде екі пойыз соқтығысып, 50 адам зардап шекті (видео)

Швецияда терактіге қатысы бар екінші күдікті ұсталды

Талқылау