Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үнді бизнесмені тойына 18 мың жесір әйелді шақырды

Үнді бизнесмені Джитендра Пател өзінің кіші ұлы Равидің тойына 18 мың жесірді шақырған.

1749385

Бұл туралы The Times of India хабарлайды.

Салтанатты шара Гуджарат штатындағы Дерол ауылында болған. Бұл елдімекен көптеген ежелгі ғибадатханалар арқылы танымал.

“Мен бұл жұпқа қоғамнан тыс қалған жесір әйелдердің бақыт тілегенін қаладым. Олардың қандай да бір мерекеге қатысуы ақымақтықтың нышаны болып саналады. Бірақ, мұндай ескі наным-сенімнен арылуымыз қажет”, – дейді кәсіпкер Пател.

Бизнесмен әр жесірге сыйлық ретінже жұмсақ көрпе мен тал көшетін сыйлаған. Сонымен қатар, кедей отбасынан шыққан 500 жесірге Пател сауын сиыр байлапты.

Үндістанда жесір қалған әйелді өртеу XIX ғасырда түбірімен жойылса да, күйеуінен айырылған әйел бәрібір қоғамнан бөлектеніп қалады. Оларда жесірдің көлеңкесі де бақытсыздық сыйлайды деп есептеп, оларды әртүрлі мерекелерге шақырмайды.

Олар үнемі азалы ақ түсті сари киіп, шаштарын жайып жүреді және олардың сәнденуіне тыйым салынған. Олар қалған өмірлерінің бәрін ерлерін жоқтап өткізуі тиіс деген ұғым қалыптасқан.

Оқи отырыңыз:

Түркияға бет алған ұшақ бортында сәби дүниеге келді (фото)

Мәскеуде екі пойыз соқтығысып, 50 адам зардап шекті (видео)

Швецияда терактіге қатысы бар екінші күдікті ұсталды

Twitter компаниясы АҚШ билігін сотқа берді

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр