Мәжіліс спикері Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қазақстан парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

""Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы шақырылсын", – делінген құжатта.
Мәжіліс мәліметінше, отырыс 16 қыркүйекте таңертең өтеді. Депутаттар Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылайды.
Заң жобасында президенттік мандаттың бір мәрте жеті жылдық мерзімін белгілеу және Нұр-Сұлтан атауын Астана деп өзгерту мәселелері де бар.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"