Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан атауы мен президент сайлауы: Конституциялық кеңес Тоқаевтың ұсынысы бойынша шешім қабылдады

Конституциялық кеңес президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысын қарап, шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

конституция

"Конституциялық Кеңес президенттік мандаттың бір мәрте жеті жылдық мерзімін белгілеу ағымдағы жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда қабылданған мемлекеттік билікті монополизациялауға жол бермеуге бағытталған конституциялық новеллалардың мәніне сәйкес келеді, деп есептейді. Бұл мерзім аталған жоғары лауазымды тұлға лауазымына сайланатын барлық адамдарға тең негізде қолданылатын болады. Онымен Конституциялық Сот судьяларының бір мәрте сегіз жылдық өкілеттік мерзімін анықтау үйлеседі", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар заң жобасы астана атауын өзгертуге байланысты Негізгі заңның 2-бабына түзетулер енгізуді көздейді. 

"Президенттік және парламенттік сайлау институты мемлекеттіліктің, демократиялық құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның конституциялық моделінің барлық басқа компоненттерін қозғайтын ерекше жүйе құрушы конституциялық құндылық. Осылайша, ол мемлекеттің маңызды органдарын жаңартудың тиімді құралы болып табылады. Сол арқылы Республиканың әлеуметтік негізі, халықтың мемлекеттік билік бастамаларын қолдауы нығайтылады", – деп қосты Конституциялық кеңес. 

Талқылау