Мас күйде 14 жасар балаға келген: Алматыда шекара бөлімінің подполковнигі педофилия бойынша күдікке ілінді
Әлеуметтік желіде Алматыдағы шекара бөлімінің подполковнигі педофил болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Деректерге сай, ол интимдік қатынас үшін 14 жасар баламен кездескісі келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“2024 жылғы 2 наурызда Алматы қаласы Жетісу ауданының ПБ-не №28-74 шекара бөлімінің подполковнигі Н.К.педофилияға күдікпен ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ол мас күйінде 14 жасар баламен интимдік қатынас үшін кездесуге келген. Алайда жәбірленуші оны өздері ұстап, жазалағысы келетіндерін айтады. Подполковник болса, баламен жай өмірлік әңгімелер айтып уақыт өткізгісі келгенін айтады”, – деп жазды басылым.


Алматы полиция департаменті тексеруді бастағанын хабарлады. Тексеруді ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы жүргізеді.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген