Мамандар түнде су ішудің қаупін айтты

Диетолог Дарья Русакова түнде су ішуге болмайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Звезда» телеарнасына сілтеме жасап. 

Ұйқтар алдында су ішетін болсаңыз, бұл бүйрекке шамадан тыс жүктеме түсіреді. Нәтижесінде ұйқының бұзылуына әкеледі. 

"Түнде су ішуге болмайды, өйткені бүйрекке шамадан тыс жүктеме түседі. Түнде бүйрек демалмай, жұмыс істеуге мәжбүр болады Сәйкесінше, бұл ұйқыны бұзуы мүмкін", - деп түсіндірді дәрігер.

Оның айтуынша, көп мөлшерде сұйықтық ішу - денені тазартады және судың тепе-теңдігін сақтайды. Дегенмен, суды күннің бірінші жартысында ішкен абзал. 

"Сұйықтықты мүмкіндігінше күннің бірінші жартысында ішкен дұрыс. Сұйықтық еріткіш болғандықтан, денені тазартады. Орташа алғанда, егер адам артық салмақтан, семіздіктен немесе созылмалы жүрек және бүйрек ауруларынан зардап шекпесе, онда тәулігіне бір жарым-екі литр сұйықтық ішуі керек", - деп атап өтті Русакова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр