Маман ағза тез қартаятын жасты атады
Австралиялық биомедициналық инженерия профессоры Карл Крушельский қартаю ұзақ уақытты алатын процесс емес, бір реттік құбылыс екенін айтты. Мұны ол өзінің TikTok аккаунтында мәлімдеп, дененің тез қартаю жасын атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: freepik.com
Профессор қартаюдың екі кезеңде болатынын айтты.
- Біріншісі шамамен 45 жаста. Ол кезде тері сапасы айтарлықтай нашарлап, бұлшықет массасы жоғалады. Нәтижесінде метаболизм баяулайды. Крушельскийдің айтуынша, осы жастан кейін алғашқы әжімдер пайда болып, дене май мен алкогольді нашар өңдейді;
- Екіншісі шамамен 65 жаста. Осы жаста ағза екінші рет қартаяды. Бұл иммун жүйесінің қорғаныс функциясының төмендеуіне әкеледі.
Профессордың айтуынша, кей адамдар үшін қартаю он жыл бұрын, ал басқалары үшін он жылдан кейін болуы мүмкін. Сондықтан ғалым тез қартаймас үшін салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн