Мақпал Жүнісова: "Алтынбек аға маған ғашық еді"
Жақында 75 жасқа толған Алтынбек Қоразбаевтың ән кешінде Халық әртісі Мақпал Жүнісова өнер көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

©instagram.com/zhunusova.makpal/altynbek.korazbaev
Әнші композитордың өзі арнап жазған әнін орындап, оның тарихына тоқталды.
“Ертеректе, 20 жасымызда осы әнді Алтынбек аға маған ұсынған еді. Сол кезде маған: “Мен саған ғашықпын” деп айтатын. Бірақ жақындай алған жоқ. Жеңгемізден қорықты ма екен? “Сырттай ғашықпын” деп жүретін. Сонда осы “Мәңгілік махаббатым” деген әнді “саған арнадым” деп алып келгені есімде. Қазір жеңгем қызғанбайтын шығар деп ойлаймын. Мен 60-қа келдім, ол кісі 75-ке келді дегендей”, – деді өнер иесі.
Бұған дейін Тоқтар Серіков бастаған шәкірттері Алтынбек Қоразбаевқа су жаңа темір тұлпар мінгізгенін жазған болатынбыз.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген