Шәкірттері 75 жасқа толған Алтынбек Қоразбаевқа темір тұлпар мінгізді
Алтынбек Қоразбаевтың Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіков бастаған шәкірттері ұстаздарына темір тұлпарды сыйға тартты. Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Сіздердің де шәкірттеріңіз еңбектеріңізді бағалап тұлпар мінгізсін”, – деп жазба қалдырды өнер иесі.
Композиторға автокөліктің кілтін табыстап жатып Тоқтар Серіков: “Шәкірттеріңіздің атынан елдің, ағайын-туыс, достарыңыздың алдында шаршамай жүрсін деп темір тұлпар мінгіземіз”, – деді.
Айта кетейік, композитор, әнші Алтынбек Қоразбаев 1 ақпан күні 75 жасқа толды.
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”