Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы: Әкем мен ағама Тоқаевтың құттықтауын көру бақыты бұйырмады

Ләйлә Сұлтанқызы марқұм әкесі мен ағасын еске алып, елді жылатты. Тележүргізуші жақындарын елдің нағыз патриоттары деп бағалады. Көпшілікке бар адамның қадірін білейік деген кеңес айтты. 

“Әкем мен ағама Тоқаевтың бүгінгі құттықтауын көру бұйырмады. Әскерге бара алмаса да, мен үшін олар – еліміздің нағыз патриоттары. Қасымда болғандарыңызда бүйтер ем, сөйтер ем деп армандаймын. Ертең өкінбес үшін қазір бағалаңыздар, бетінен сүйіп, құшақтап мерекемен құттықтаңыздар”, – деп жазды тележүргізуші

Желідегі оқырманы жұбату айтып, сабырға шақырды. 

“Алла тағала жандарын жәннаттан етсін. Ол кісілер көрмеген жақсылықты сіздер, бала-шағасы көрсін. Оңай емес. Бәрі аман болсын”, “Иә, әкесі мен анасы бар адамдар бақытты. Әкем болғанда мен де сөйтер едім деп көп айтамын”, “Әке махаббатын көрмесем де, әкесіз өссем де, мені тастап кетсе де, әкемді жақсы көрем, сыйлаймын. Қазір араласып тұрамын. Аман болсын, өмір ғой, разымын әкеме”, “Иманы салауат болсын, қайырлы болсын, жандары жәннатта болсын”, “Ағаңыз қандай сымбатты болған” – деп жазды желі қолданушылары. 

Жақындарын сағынышпен еске алған тележүргізуші олар туралы аяулы естеліктерін желіде жиі жазады.

Айта кетейік, тележүргізушінің айтуынша, әкесі 50-ден енді асқан шағында инсульттан көз жұмған. Коронавирус өршіп тұрған шақта ағасы ауырып, қайтыс болды. Қазадан соң бір аптадан кейін марқұм ағасының қызы өмірге келді. Ал, марқұм ағасы көзі тірісінде қызының есімін өзі қойып кеткен екен. 


Талқылау