Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында полицейлер биіктен секірмек болған ер адамды құтқарып қалды

Полициялар
Фото: Видеодан скрин

Ақмола облысының Степногорск қаласында полицейлер сегізінші қабаттың балконынан секірмек болған ер адамның өмірін аман алып қалды. Оны бұл қадамға отбасындағы жанжал итермелеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақмола облысының Степногорск қаласында полицейлер сегізінші қабаттың балконынан секірмек болған ер адамның өмірін сақтап қалды. Оқиға туралы хабарды тұрғындар берген.

Олардың айтуынша, ер адам көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатындағы балконның сыртқы ернеуінде тұрған.

Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы небәрі үш минут ішінде жеткен. Полицейлер ер адаммен сөйлесіп, оның сеніміне кіруге және назарын басқа жаққа аударуға тырысты.

 Әңгіме барысында оны мұндай қадамға отбасындағы күрделі жанжал итермелегені анықталды.

Бір қызметкер әңгімесін жалғастырып тұрған сәтте, екінші полицей қолайлы сәтті пайдаланып, ер адамды қауіпсіз түрде балконға қайтарды. Кейін ол дәрігерлерге тапсырылып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Еске салайық, бұған дейін Астанада арнайы жедел әрекет ету бөлімшесінің қызметкері Салават Мұхамбетов оныншы қабаттан секірмек болған ер адамның өмірін құтқарып қалған еді. Полицейдің жедел әрекетінің арқасында ер адам аман қалып, кейін дәрігерлерге тапсырылды.

Айым Атамбаева
Жұма, 10 Шілде, 2026 22:13