ҰҚК Атырау қаласы әкімінің міндетін атқарушыға қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Тілек Махуовқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Алайда ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Бұған дейін Тілек Махуовқа қатысты пара алу күдігі туралы ақпарат тараған еді. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, ол қаланың кәріз желілерін күрделі жөндеу жобасына өзгерістер енгізуге мүдделі болған компаниядан 100 млн теңге алды деген күдікке ілінген. Қаражаттың делдал арқылы берілген болуы мүмкін екені де айтылған.
Сондай-ақ жарияланған ақпаратта іс материалдарында "Сапа Құрылыс 2007" ЖШС басшылығының да аты аталғаны көрсетілген. Алайда бұл мәліметтерге әзірге ресми растау берілген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін 2024 жылы "Іле Су" кәсіпорнында жұмыс істемейтін адамдарға жалақы есептелгені туралы ақпарат тараған. Кейін Алматы облысы әкімдігі жүргізген аудит бұл деректерді растап, бюджет қаражаты жалған тұлғалардың есепшоттарына аударылғанын және қаржының мақсатсыз жұмсалғанын анықтады.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді