"Пара беруге уәде еткендерге қылмыстық жауапкершілік": Тоқаев жемқорлыққа қарсы заңдағы өзгерістерге қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлыққа байланысты заңдағы өзгерістерге қол қойды. Енді пара беруге уәде еткендерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорданың мәліметінше заң жобасы толықтай жарияланады.
“Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – делінген хабарламада.

Жаңа өзгерістерге сәйкес:
- мемлекеттік қызметкерлерге және оларға теңестірілген тұлғаларға қызметтік өкілеттігін жеке мүдде үшін пайдалануға тыйым салынады;
- бір мекемеде басшының жақын туыстарының (жиен, балдыз, қайын жұрт және т.б.) бірге қызмет етуіне қатысты шектеулер күшейтіледі;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылатын тұлғалар аясы кеңейтіледі;
- пара алу мен беру ғана емес, пара беруге уәде ету, ұсыну немесе талап ету үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізіледі;
- мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда заңсыз сыйақы алуға қатысты жауапкершілік күшейтіледі;
- жеке тұлғалар үшін әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша адамды жауапқа тарту мерзімі 1 жылмен шектелетін. Енді ол мерзім 3 жылға дейін ұзартылып отыр.
"Таза қазақша сөйлегім келеді": Парижде тұратын француз қызы қазақ тілін үйреніп, мәдениетін дәріптеп жүр
Элиз әлеуметтік желі арқылы қазақ тілін үйреніп алған
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған