Қазақстанда денсаулық және туризм вице-министрі тағайындалды

Үкімет қаулысымен Манас Рамазанов денсаулық сақтау вице-министрі, ал Мирас Төлебаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкімет қаулысымен Манас Ембергенұлы Рамазанов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Манас Рамазанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын, Д.А. Қонаев атындағы университетті және Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын хирургия саласында бастап, 1984-2006 жылдары Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында кіші ғылыми қызметкерден бастап шұғыл хирургия бөлімінің меңгерушісіне дейінгі қызмет жолынан өтті.
2006-2007 жылдары денсаулық сақтау министрлігінің емдеу-профилактикалық жұмыс департаментінде хирургиялық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы болды. 2007-2008 жылдары Сызғанов атындағы үлттық ғылыми хирургия орталығы директорының ғылыми-клиникалық жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2008-2013 жылдары Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, 2013-2014 жылдары денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болды.
2014-2018 жылдары Алматы қалалық №1 клиникалық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарды. Ал 2018 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасының бас дәрігері болды.
Бұдан бөлек, Мирас Қалиевич Төлебаев Қазақстан Республикасы туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Мирас Төлебаев 1986 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Ол Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында бастаған. 2010 жылдан бері мемлекеттік қызметте түрлі лауазымдарда еңбек етті.
Әр жылдары энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде, индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, мұнай және газ министрлігінде сарапшы және бас сарапшы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ Қызылорда облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы, елорда тұрақты даму орталығы директорының орынбасары болды.
2017-2022 жылдары мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің басқарма басшысы, 2022-2023 жылдары комитет төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
2023-2025 жылдары туризм және спорт вице-министрі болды. 2025 жылдың сәуір айынан бері жекеменшік құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеген.
Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Әбілқайыр Сқақов Қазақстанның Қырғызстандағы, Бақыт Батыршаев Катардағы, Әнел Бақытбекқызы Мажарстандағы, Болат Иманбаев Сербиядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Сонымен қатар Қазақстанның Үндістандағы елшісі Азамат Есқараевқа Бангладеш, Бутан, Мальдив Республикасы және Непалдағы Қазақстанның қоса атқаратын елшісі міндеті жүктелді.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді