Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларының тойына қатыспаған Тұрсынбек Қабатов қыздарымен түскен видеосын жариялады

Тұрсынбек Қабатов қыздарымен
Фото: Видеодан скриншот

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов үш баласының тойынан кейін әлеуметтік желіде қыздарымен бірге көрінді. Қызы Айым әкесімен бірге түскен видеоны парақшасында бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кадрларда Тұрсынбек Қабатов қыздары Әдемі мен Айыммен бірге көңілді сәт өткізіп жүргені байқалады. Бұл көрініс желі қолданушыларының назарын аударып, көпшілік түрлі пікір қалдырды.

Оқырмандардың бір бөлігі әзілкештің қыздарымен бірге жүргеніне қуанып, отбасы амандығын тіледі. Кейбірі оның жұбайы Айманға қатысты пікір жазды.

“Айман апайға бір сәлем”, “Қыздар әке-шешесін қосып, бақытты отбасы болсын”, “Әркім өз отбасымен жарасады”, “Өз отбасымен бақытты болсын” деп жазды желі қолданушылары.

Сонымен қатар кей пікір иелері қуанышты күнде отбасының толық болғанын қалайтынын жеткізген.

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Мұқанова балаларына арнап қуаныш тойын өткізген еді. Әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігі Тұрсынбек Қабатовтың балаларының тойына келмегенін дұрыс емес санап, бұған оның қазіргі жары Айман Талғатқызын себепкер деп болжады.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 10 Шілде, 2026 17:45