Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Баум тоғайында ағаш басып қалған 19 жастағы бойжеткен көз жұмды

басына ағаш құлаған Селина
Фото: Әлеуметтік желіден

Алматыдағы Баум тоғайында ағаш құлап, ауыр жарақат алған 19 жастағы Селина ауруханада көз жұмды. Қаралы хабарды оның туыстары жария етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматыдағы Баум тоғайында ағаш құлап, ауыр жарақат алған 19 жастағы Селина көз жұмды.

Әпкесінің айтуынша, қайғылы оқиғаға қала билігінің жауапсыздығы себеп болған.

Олардың сөзінше, оқиғадан бері әкімдік өкілдері отбасымен байланысқа шықпаған.

"Бала әкімдіктің жауапсыздығынан қайтыс болды. Осы уақытқа дейін бізбен ешкім хабарласқан жоқ. Көңіл айтып, жағдайын сұраған да ешкім болмады", – деді марқұмның әпкесі.

Еске салайық, қайғылы оқиға 27 маусым күні Алматыдағы Баум тоғайында болған. Серуендеп жүрген бойжеткеннің үстіне үлкен ағаш құлаған. Салдарынан ол ауыр бас-ми жарақатын, аяқ пен жамбас сүйектерінің ашық сынығын және бауырының ауыр жарақатын алған.

Миының қатты ісінуіне байланысты дәрігерлер бассүйек сүйегінің бір бөлігін алып тастауға мәжбүр болған. Осы уақыт бойы Селина үшінші дәрежелі комада жатқан.

Оқиғадан кейін Алматы әкімдігі сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған еді. Ведомствоның мәліметінше, Баум тоғайында ағаштардың құлау қаупі туралы ескерту белгілері орнатылған. Сондай-ақ биыл санитарлық кесуге 2 мың апатты, қураған және ауру ағашқа рұқсат берілгені айтылды. Әкімдік дерегіне сәйкес, оқиға болғанға дейін мердігер ұйым мыңға жуық қауіпті ағашты кесіп үлгерген, ал қалған жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Мамандар ағаштардың көпшілігі шамамен 150 жыл бұрын отырғызылғандықтан, олардың бірқатары қауіп төндіретінін мәлімдеген.

Айым Атамбаева
Жұма, 10 Шілде, 2026 21:04