Ән айтады деп микрофон ұсынған Қайрат Нұртас әжейден күтпеген жерден ақ бата алды

Танымал әнші Қайрат Нұртас күтпеген жерден 91 жастағы әжейдің ақ батасын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тойлардың бірінде түсірілген видеоны Нұртас Адайбеков әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Бейнежазбада әнші “Қазақша Ламбада” әнін орындап тұрып, жанында тұрған егде жастағы әжейге микрофон ұсынады.
Қайрат Нұртас әжей әнді жалғастырып, көпшілікпен бірге көңілді сәт сыйлайды деп ойлаған. Алайда әже ән айтудың орнына өзінің 90 жастан асқанын айтып, өнер иесіне ақ батасын берген.
Күтпеген сәт той қонақтарын да, желі қолданушыларын да әсерге бөледі. Әжей әншіге амандық, ұзақ ғұмыр, абырой тілеп, ақжарма батасын арнаған.
Қайрат Нұртас әженің батасын құрметпен тыңдап, ризашылығын білдірді. Ал көпшілік бұл сәтті ерекше ықыласпен қабылдады.
Желі қолданушыларының бірі әженің батасына сүйсінсе, енді бірі бұл көріністі әзілмен “әже мен Қайраттың дуэті” деп атаған.
“Қайрат ән айтқызамын деді, әже бата беріп кетті”, “Осындай батадан асқан сый жоқ”, “Әженің батасы қабыл болсын”, “Нағыз қазақы көрініс” деп жазды оқырмандар.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Оқыңыз