Астанадағы мешітте смартфон ұрлығы видеоға түсіп қалды (видео)

Астанадағы мешіттердің бірінде келушінің ұялы телефоны ұрланып, оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, ер адам таңғы намазға келіп, құлшылықтан кейін демалу үшін ұялы телефонын жанына қойып, қуаттауға қалдырған. Осы сәтті пайдаланған басқа бір келуші айналасында ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізіп, телефонды жасырын алып, оқиға орнынан кетіп қалған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер сол күні-ақ бейнекамера жазбалары арқылы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол – 25 жастағы ер адам. Ұрланған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.
ОқыңызАталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция тұрғындарды қоғамдық орындарда бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға және жеке мүлкінің сақталуына мұқият қарауға шақырды.
Еске салайық, бұған дейін Астанада тағы да мешіт аумағында болған ұрлық бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полицияның мәліметінше, 36 жастағы күдікті намаз оқып тұрған адамның сөмкесінен iPhone 13 телефонын ұрлап кеткен. Күдікті жедел іздестіру барысында ұсталып, ұрланған телефон иесіне қайтарылды.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді