Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада мешіттегі ұрлық видеоға түсіп қалды

Мешіттегі ұрлық
Фото: Видеодан скрин

Астанада мешіт аумағында ұялы телефон ұрлады деген күдікке ілінген 36 жастағы ер адам ұсталды. Бұл  туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мешітте түнеп қалған. Күдікті түнгі уақытта жәбірленушінің намаз оқып жатқан сәтін пайдаланып, жанында еденге қойылған сөмкенің ішінен iPhone 13 ұялы телефонын жасырын түрде ұрлап кеткен. Ұрлық жасағаннан кейін ер адам оқиға орнынан бой тасалаған.

Күдіктінің жеке басы бейнебақылау камераларының көмегімен анықталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында ол қала көшелерінің бірінде ұсталған.

Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Астана қалалық полиция департаменті азаматтарды мұқият болуға және қоғамдық орындарда бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Еске салсақ, бұған дейін Петропавлда әйелдердің іш киімін ұрлап кейін сатқан ер адам түрме жазасына кесілгені туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 11 Маусым, 2026 19:13