Instagram-дағы суреттеріңізді жасанды интеллект пайдаланады: Қазақстандықтарға жасырын қауіп туралы ескерту жасалды

Instagram-дағы ашық аккаунтыңыздағы фотосуреттеріңізді жасанды интеллект сіздің рұқсатыңызсыз пайдаланып кетуі мүмкін. Meta-ның жаңа Muse Image құралына қатысты сарапшылар қазақстандықтарға құпиялылық баптауларын тексеруге кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Meta компаниясының жаңа Muse Image нейрожелісі Instagram қолданушыларының ашық аккаунттарындағы фотосуреттерді пайдаланып, жасанды интеллект көмегімен жаңа бейнелер жасай алады.
Әзірлеушілердің мәліметінше, деректерді жинау функциясы әдепкі бойынша (автоматты түрде) ашық аккаунты бар 18 жастан асқан барлық пайдаланушылар үшін қосылған. Нейрожелі әртүрлі дереккөздерден адамның бет-бейнесін, киімін, заттар мен айналасын біріктіріп, мәтіндік сұраныс негізінде жаңа сурет жасайды. Құқық қорғаушылар мұндай саясатты әділетсіз деп бағалап отыр.
Meta жүйе жабық (жеке) аккаунттар мен 18 жасқа толмаған пайдаланушылардың профилін базаға қоспайтынын мәлімдеген. Алайда компания ересектер өздерінің ашық парақшаларында жариялаған балалардың фотосуреттері қалай қорғалатынын нақтылаған жоқ.
ОқыңызҚазір Muse Image құралы АҚШ-тағы Meta AI қосымшасы мен Instagram Stories-те, сондай-ақ бірқатар елдегі WhatsApp-та сынақтан өтіп жатыр. Болашақта бұл мүмкіндік Facebook платформасына да кеңейтілмек.
Сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтар өздерінің бет-бейнесін бөтен адамдар жасаған жасанды суреттерден, ашықхаттардан немесе мемдерден кездестіруі мүмкін. Ең бастысы, пайдаланушылардан бұл үшін арнайы рұқсат сұралмайды және олардың суреті қолданылғаны туралы хабарлама жіберілмейді.
Жаңа құралда кез келген адам мәтіндік сұраныс енгізіп, ашық Instagram-профиліне сілтеме бере алады. Осыдан кейін нейрожелі адамның сыртқы келбетін, қимылын, киіну стилін талдап, оны мүлде басқа жағдайда бейнелейтін жаңа сурет жасайды. Мысалы, спорткар тізгінінде немесе Марс ғаламшарында жүргендей етіп көрсете алады.
Құқық қорғаушылар мұны жеке өмірге қол сұғудың жаңа қаупі әрі жалған контент (фейк) жасаудың тиімді құралы деп бағалап отыр.
Фотосуреттеріңізді қалай қорғауға болады?
Егер Instagram-парақшаңыз ашық болса және суреттеріңіздің жасанды интеллект арқылы пайдаланылғанын қаламасаңыз:
- Instagram қосымшасын ашып, профиліңізге өтіңіз;
- Баптаулар (Settings) бөліміне кіріңіз;
- "Репосттар және қайта пайдалану" (Reposts and reuse) бөлімін ашыңыз;
- Жасанды интеллект арқылы суреттерді пайдалануға қатысты параметрді тауып, оны өшіріңіз.
Егер аккаунтыңыз жабық (Private) болса, Meta мәліметінше, нейрожелі ондағы фотосуреттерді пайдаланбайды. Алайда ашық профильдер үшін деректерді жинау функциясы автоматты түрде жұмыс істейді.
Қазір осы құрал АҚШ-та тестілеуден өтіп жатқанымен, құпиялылық параметрлеріне қатысты жаңартулар әлемнің басқа елдеріне де кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр.
Еске салайық, АҚШ-тың Лос-Анджелес Жоғарғы соты алқабилері Meta мен YouTube платформаларын жасөспірімнің психикалық денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапты деп танып, 3 миллион доллар (1,45 миллиард теңге) өтемақы төлеуді міндеттеді. Іс бойынша талапкердің есімі құпия сақталған 20 жастағы Кейли. Ол бала кезінен бастап әлеуметтік желіге тәуелді болғанын айтып, Meta (Instagram, Facebook, WhatsApp иесі) және Google-ға тиесілі YouTube платформаларын сотқа берген. Ол бала кезінен бастап әлеуметтік желілерге тәуелді болғанын айтып, бұл жағдай оның психикалық денсаулығына кері әсер еткенін дәлелдеді. Алқабилердің шешімімен оған 3 миллион доллар (1,45 миллиард теңге) көлемінде өтемақы тағайындалды. Сот барысында Meta компаниясына 70% жауапкершілік жүктелсе, YouTube-қа 30% тиесілі деп танылды. Осыған сәйкес, өтемақының басым бөлігін Meta төлейтін болды. Сонымен қатар, Калифорния заңдарына сәйкес, қосымша айыппұлдық өтемақы көлемі кейін анықталып, ол 30 миллион долларға (14,52 млрд теңге) дейін жетуі мүмкін.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді