"Асқар тауымнан айырылдым": Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі қара жамылды

Қазақстандық актер, Дариға Бадықованың экс-күйеуі Дархан Мұсаевтың әкесі өмірден озды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаралы хабарды өнер иесінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.
Актер бұл күн өміріндегі ең ауыр сәттердің бірі болғанын айтып, әкесінен айырылу оған оңай тимегенін жазды.
“Әкешім… Бүгін өмірімдегі ең ауыр күн болды. Әкем бұл дүниемен қоштасты. Бұл қасіретті сөзді жазудың өзі қандай ауыр екенін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Артымнан тірек болған, ақылын айтып, дұғасымен қорған болған асқар тауымнан айырылдым”, – деп жазды ол.
ОқыңызДархан Мұсаев әкесінің рухына дұға бағыштауды сұрап, Алланың жазуына разы екенін айтты.
“Расында, біз Аллаға тәнбіз әрі Оған қайтушымыз. Баршаңыздан әкемнің рухына дұға жасауларыңызды сұраймын. Алла Тағала күнәларын кешіріп, қабірін кең етіп, нұрға бөлесін. Жәннаттың ең жоғары дәрежелерінен орын нәсіп етсін”, – деді актер.
Өнер иесі әкесін ешқашан ұмытпайтынын айтып, оған соңғы қоштасу сөзін арнады.
Айта кетейік, Дархан Мұсаев – қазақстандық актер. Ол көпшілікке өнердегі еңбегімен қатар, актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі ретінде де таныс.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді