Алматыда барда ер адам жанжал кезінде танысының мойнына пышақ жарақатын салған
Алматыда барда жанжал шығып, ер адам танысының мойнына пышақ жарақатын салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылғы 10 шілдеде кешкі уақытта ойын-сауық орындарының бірінде болған жанжал салдарынан ер адам ауыр жарақат алған.
45 жастағы азамат мойын тұсынан пышақ жарақатын алып, операцияға түсті.
"Алдын ала тергеу нұсқасы бойынша, қылмыс таныстар арасында кенеттен туындаған жанжал салдарынан жасалған. Медеу аудандық полиция қызметкерлері күдіктіні – 32 жастағы ер адамды жедел түрде ұстады. Қылмыс құралы болуы мүмкін зат тәркіленді", – деді ведомство.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
