Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ағамның соңғы аманаты": Ләйлә Сұлтанқызының қайтыс болған ағасының қызы өмірге келді

Ләйлә Сұлтанқызының ағасы Руслан Сұлтанұлы жақында бақилық болды. Көпшілік қазаға көңіл айтып, дұға етті. Өнердегі жанашырлары басу айтты. Қазадан соң бір аптадан кейін марқұмның қызы өмірге келді. 

Қазадан соң қуанышты күн туды. Сұлтанқызы өмірге келген сіңлісінің жайын айтып, бұлтты күні шыққан күнге теңеді. Ал, марқұм ағасы көзі тірісінде қызының есімін өзі қойып кеткен екен. 

"Ағамның соңғы аманаты. Ағам ауырып жүргенде жеңгемнің алтыншы сәбиіне аяғы ауыр еді. Қаралы хабар келіп, тура бір апта өткен соң қызды болды. Өзі кетіп, көзі келді деген осы екен. Тек қызы әкесімен, әкесі қызымен танысып та үлгермеді, әттең...

Есімін Мәриям деп қойды. Ағам бәрін сезгендей жеңгеме есімін аманат етіп кетіпті. Дишинкам да жаңа туған немересін көрген сайын қайта-қайта батасын береді. Иса Пайғамбардың анасының есімі Мәриям болған екен. Сен біздің әулетке бұлтты күні күн болып келдің. Ғұмырлы бол, балапан", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. 



Желі қолданушылары бұл қуанышқа ортақтасып, құтты болсын айтып жатыр.

"Ағаңыздың жаны жанатта болсын. Бөпенің бауы берік болсын! Оқып отырып, жылап жібердім...", "Жаным алла өмірімен берсін әкесі көрмеген қызықты көре берсін бақытты болсын", "Бауы берік болсын, ғұмырлы, дені сау болып өсе берсін!", "Сәбидің бауы берік болсын! Дені сау, ғұмырлы болсын!", "Бауы берік болсын! Ғұмырлы, тұғырлы болсын балақай", деп жазды желідегі оқырмандары,.

Талқылау