Енді мені "қарындасым" деп кім іздейді? Ләйлә Сұлтанқызының ағасы қайтыс болды
Ләйлә Сұлтанқызының ағасы қайтыс болды. Қаралы хабарды тележүргізушінің өзі хабарлады.

Ләйлә Сұлтанқызы бұған дейін ағасының ауырып жатқанын айтқан еді. Ол үшін көпшіліктен дұға етуді өтінген болатын. Желі оқырмандары дұға етіп, жақсы тілегін аямады.
Бүгін тележүргізуші Руслан есімді ағасының бақиға аттанғанын жазды.
"Енді мені қарындасым деп кім іздейді?", - деп жазды ол.
Барша әріптестері мен дос-жараны, желідегі қоланушылар көңіл айтып жатыр.
"Иманды болсын.Алла алдынан жарылқасын", - деп жазды әнші Айгүл Елшібаева.
"Иманды болсын", - деп жазды Гүлнәз Жоланова.
"Иманды болсын...Колдан келер қайран жоқ...Бекем болыңыз", "Жаны жұмақта болсын амал кітабын оң жағынан алуға нәсіп етсін", "Жақсы азамат еді, иманды болсын", - деп жазды желідегілер.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын