Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғыстанның экс-президенті Ақаевтың қазақстандық күйеубаласы 20 жылға сотталды

Қазақстандық Әділ Тойғанбаев Қырғызстанның бұрынғы президентінің қызы Бермет Ақаеваға үйленген.

Adil-Tojganbaev.-Foto-kapital.kz_

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Қырғыз сотының сайтында мәлімденгендей, Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың күйеу баласы, Қазақстан азаматы Әділ Тойғанбаев Бішкекте сырттай сотталды.

Тойғанбаев Асқар Ақаевтың үлкен қызы Берметке үйленген. Асқар Ақаев 2005 жылы Қырғызстан президенті қызметінен кеткен соң, Тойғанбаевқа мемлекеттік нысандарды заңсыз жекешелендіріп, алаяқтық және жемқорлықпен айналысты деген айып тағылды. Қазақстандыққа халықаралық іздеу салынып, ол бірнеше рет Қазақстанда, Ресейде және Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталған, бірақ Бішкек билігінің қолына бір түспей қойды.

Ақыры соңында, Тойғанбаев Бішкекте сырттай сотталып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды және мүлкі тәркіленіп, екі жүз есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Сонымен бірге, Тойғанбаевтың Манас халықаралық әуежайына 677 миллион сом өтемақы төлеуі қарастырылуда.

Тағы да оқыңыз:

Шымкенттік суретшінің сурет салуына Димаштың таланты әсер еткен

Алматыда атышулы теракт жасаған лаңкес Күлекбаев жазасын қалай өтеп жатыр?

Қалыңдықтың басына ішімдік құйып мазақ еткен азамат елдің ашуына тиді (видео)

Талқылау