Құмар ойын үшін алады: Қазақстанда шағын несиелерді 18-ден емес, 21 жастан бастап беру ұсынылды
Қазақстан жастары конгресі мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының атқарушы директоры Тоқтар Болысов елімізде шағын несие беру жасын 18-ден 21 жасқа дейін көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол бұл ұсынысты сенатта өткен "Жаңа Қазақстан: жастар және жаңғыру" атты парламенттік тыңдау барысында мәлімдеді. Айтуынша, қазір елде құмар ойындар мәселесі өршіп тұр. Қазір елімізде 350 мыңға жуық қазақстандық геймерлер тізімінде. Олардың көпшілігі жасөспірімдер.
"Студенттер кезекті құмар ойын ойнау үшін шағын несие ұйымдарынан қаражат алады. Алайда құмарлыққа салынып кеткендерін байқамай, кейін олардың қарыздарын ата-аналарының өтеуіне тура келіп жатады. Сондықтан шағын несие беру жасын 18-ден 21-ге дейін көтеруді сұраймыз", – деді сенаттағы жас сарапшылар клубының мүшесі.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"