AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 4%-пен кредитке берілетін көліктер қанша тұрады

 "Қазақстандық автобизнес қауымдастығы" техникалық реттеу жөніндегі директоры Ербол Сейпілов жеңілдетілген несиелендіру бойынша қолжетімді көліктердің қанша тұратынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, үкімет 100 миллиард теңге бөлген жаңа бағдарлама бойынша жеңілдетілген автокредит белгілі бір көліктерге беріледі. 4%-пен қолжетімді автомобильдердің бағасы 5,9-дан 16,69 миллион теңгеге дейін болады. Олар: 

  • Chevrolet Nexia - 5,90 млн теңгеден 5,99 млн тенгеге дейін;
  • Chevrolet Cobalt - 5,99 млн теңгеден 6,49 млн теңгеге дейін;
  • Hyundai Accent - 7,09 млн теңгеден 8,19 млн теңгеге дейін;
  • Kia Rio - 7,89 млн теңгеден 10,49 млн теңгеге дейін;
  • Kia Cerato - 9,89 млн теңгеден 12,49 млн теңгеге дейін;
  • Kia K5 - 12,99 млн теңгеден 15,49 млн теңгеге дейін;
  • Hyundai Elantra - 9,19 млн теңгеден 13,49 млн теңгеге дейін;
  • Hyundai Sonata - 12,29 млн теңгеден 16,69 млн теңгеге дейін.

Бұған дейін Ербол Сейпілов жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының басталуына байланысты отандық автосалондар көлік бағасын қымбаттатпайды деп айтқан болатын. 



Сондай-ақ Қазақстандық автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына қатысқысы келетін қазақстандықтарға автосалондарда кезекке байланысты алаяқтық болмайды деп сендірді. 

Еске сала кетсек, жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы 16 мамырда басталды. Оның шарты бойынша кез келген қазақстандық автомобильді жылдық 4%-пен сатып ала алады.

Автокредит 10 миллион теңгеден аспайтын сомаға және 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бастапқы жарна 0%-тен басталады. Көлік жалпы құны 15 миллион теңгеден аспауға тиіс.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр